Texol group Жаңалықтар

TEXOL тазалаушы-роботы Еуропа Одағының сертификаттауынан өтті

TEXOL корпорациясы құрастырған Тазалаушы-роботы Еуропа Одағының EN ISO 12100:2010 сапа сертификаттауынан өтті.
Еуропа сапа сертификаты өнімдерге СЕ (CE Marking) таңбасын орнатуға мүмкіндік береді. Бұл таңба біздің инновациялы құралдарымыздың ЕО мүше елдерінің нарықтарында бөгетсіз айналысына рұқсат етіледі деген сөз.
Оған қоса, қазіргі таңда Жапония, Швейцария, АҚШ, Израиль, Австралия, Жаңа Зеландия және Канадамен келісім бар. Бұл елдерге CE таңбасы бар өнімдерді экспортқа шығаруға болады.
TEXOL компаниялар тобының Тазалаушы-роботы Атырауда өткен Oil&Gas'2024 көрмесінде роботтандырылған сұйыққойманы тазалау және мұнай қоқырын автоматты өңдеуде өзіндік өнімді жасағаны үшін «The best innovative product» («Үздік инновациялы өнім») номинациясына ие болды.
TEXOL – 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда, сондай-ақ басқа ТМД елдерінде де мұнай-газ нарығына әртүрлі қызметтерді ұсынатын ірі отандық компаниялардың бірі.
Жаңа технологияларды қолдану компанияға көлденең және тік мұнай сұйыққоймалары бағытында, химиялық тазалаудан, сұйыққоймаларда адамның қатысуын қажет етпейтін механикалық жуудан бастап, жемірілуге қарсы қорғанысқа дейін қызметтерді сәтті жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Құрал қажетті сертификаттаудан өтті, оның ішінде 0 классындағы жарылыс қаупі бар аймақта оны пайдалану қауіпсіздігін растайтын ATEX сертификатын алды.
___________________________________________________________________
Баспасөз қызметі: press@texol.co