29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Минск қаласында өткен «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне 24 елден 510-нан астам компания қатысты. Көрменің іскерлік бағдарламасы маңызды бөліктің бірі болып, онда ЕАЭО аясында өнеркәсіптік интеграцияны нығайтуға және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық сессиялар өткізілді.
Минскідегі «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде Қазақстан павильоны басты назарға ілікті. Бұл жерде машина жасау саласынан бастап химия өнеркәсібіне дейінгі түрлі саланың кәсіпорындары бас қосты. Қазақстан павильоны еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ғана емес, мәдени мұрасын да таныстырды.
Атырау вагон құрастыру зауыты көрмеде 12-6785 үлгісіндегі жартылай вагон мен 15-3234 үлгісіндегі цистернаны таныстырды. Аталған цистерна үлгісі болашаққа бағытталған рамасыз құрылымға ие және сұйытылған көмірсутек газдарының кез келген түрін, олардың қоспаларын номенклатура бойынша еш шектеусіз тасымалдауға арналған. Бұл цистернада 1520 кеңістігінде алғаш рет көлемі 88 м³ болатын қазан конструкциясы жүзеге асырылды. Оның арқасында поездың ұзындығын өзгертпей жүк көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берілді.
Біз үшін «Иннопром» – жай ғана көрме емес, Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің қалай дамып жатқанын халықаралық деңгейде көрсету мүмкіндігі. Біз Атырауда индустриялық кластер қалыптастырып жатырмыз және түрлі елдерден серіктестер тарапынан үлкен қызығушылық байқалуда. Бұл бізді әрі қарай алға жылжуға ынталандырады, – деді «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС бас директоры Аманқос Құлмағамбетов.
___________________________________________________________________________
Баспасөз қызметі: press@texol.co