Texol group Жаңалықтар

ҚТЖ төрағасының Атырау вагон жасайтын зауытына сапары

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Атыраудың вагон жасайтын зауытына жұмыс сапармен келді.
TEXOL компаниялар топтарының басшысы Шота Абхазава қонақтарға өндіріс пен зауыттың жаңа цехтарының құрылысын көрсетті.
Кездесу барысында өндіріс орындарын кеңейту жоспарлары талқыға салынып, Атыраудағы бүкіл индустриялы жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ұсынылатын өнімнің кең номенклатура тізімі де қарастырылды.
Атыраудың вагон жасайтын TEXOL корпорациясына Атырау вагон жасайтын зауыты кіреді. Ол жерде негізгі өндірістен басқа вагон бөліктерін жасайтын зауыттары үшін цехтар салынып жатыр, оған қоса орта және шағын вагон құюмен айналысатын құю зауыты жоспарлануда. «Махамбет» өнеркәсіптік-өндірістік кешені (ӨӨК) де корпорацияның бір бөлігі болып табылады. Мұнда вагон доңғалақтары шеберханасы (ВДШ), вагон бөліктері, өстерді таза өңдеу, доңғалақ жұбын құру, вагон арбаларын жасау цехтары, вагондарға арналған тежегіш қалыпты шығаратын зауыт, сондай-ақ вагондар мен цистерналарды күрделі жөндеуде маманданған ең ірі және көне «Ақ-Жайық-7» вагон жөндеу депосы орналасқан.
2027 жылы зауыт жылына 7000-8000 вагон жобалық қуатына жеткеннен кейін осы жерде мұнай-бензин мен газ цистерналары, 40 және 80 футты құрайтын жалғамалы платформалар, люкті ашық вагондар және жабық вагондар жасап шығарылатын болады.
_________________________________________________________________
Баспасөз қызметі: press@texol.co