Texol group Жаңалықтар

TEXOL компаниясы Астанада өткен «Транспорт және логистика Қазақстан 2024» XXVII халықаралық көрмесіне қатысты

2024 жылы 9-11 қазан аралығында TEXOL компаниясы 27-ші халықаралық «Транспорт және логистика Қазақстан» көрмесіне қатысып, ол жерде бірегей буындасқан жалғамалы платформасын ұсынды.
Экспозицияға павильон ішінде вагондардың макеті мен Атырау облысындағы компанияның өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарының фотосуреттері көрсетілген көрме стенді кірді. Сондай-ақ, көрме қонақтары көшедегі алаңда кәдімгі жәдігерлерді көре алды. Олар стендтер орналастырылған буындасқан түрінде жасалған инновациялы контейнер платформасы және сұйытылған көмірсутекті газды тасымалдау үшін контейнер-цистернасы.
Компания стенді, әсіресе көшеде тұрған экспозиция көлік және логистика саласындағы кәсіби мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олардың сұрақтарына TEXOL өкілдері жауап берді. Ақпарат алмасу және қызу әнгіме компанияның жұмыс істеп жүрген серіктестерімен байланысты нығайтуға, сондай-ақ компанияның Атырау вагон жасайтын зауытында болашақта жүк вагондарын өндіруді ескере отырып, бірлескен экономика тұрғысынан өсу үшін жаңа серіктестерді іздеуге мүмкіндік туғызды.
Көрменің ұйымдастырушысы қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы, оның халықаралық серіктесі «ICA Events» және «Атакент-Экспо» компаниялар тобы болды. Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының, Қазақстан жолаушы тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен өтті.
Орталық Азиядағы ең ірі көрме саланың негізгі мамандарының басын қосты. Көрмеге 19 елден 213 компания қатысты. 49 елден 4000-нан астам қонақ келіп, оның ішінде дипломатия өкілдіктерінің және халықаралық іскер топтарының өкілдері бар.
Көлік апталығы ең ірі салалық іс-шара болып саналады. Ол жерде көрмемен қатар семинар аймақтарында сараптамалық пікірталастар мен тақырыптық конференциялар форматындағы мазмұнды іскерлік бағдарлама өткізілді. Мамандардың көрмеге осындай ауқымды назар аударғаны Қазақстанның көлік-логистикалық нарығында қызығушылықтың артып келе жатқанын және оның халықаралық көлік дәлізінде шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл TEXOL компаниясының қызметі үшін Қазақстанның ішінде де, халықаралық деңгейде де болашақта үлкен мүмкіндіктерді ашады.
_________________________________________________________________________
Баспасөз қызметі: press@texol.co