Атырау қаласының Балықшы ауданында заманауи баскетбол алаңы ашылды.
«Бұл біздің тұрғындардың, әсіресе жастардың денсаулық пен спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба. Халық игілігі үшін салынған алаңда болашақ чемпиондар тәрбиеленіп өседі деген сенімдеміз. Осындай игі істерге атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Осындай қолдаудың арқасында қаламыздың болашағы жарқын болады!», — деді Атырау қаласының әкімі.
«Баскетбол алаңы тек спорт инфрақұрылымын дамыту ғана емес, дені сау, белсенді ұрпақ тәрбиелеуде маңызды қадам. Енді Балықшы ауданының тұрғындары сапалы әрі қауіпсіз ортада спортпен шұғылданады».