Атырау қаласының бірнеше ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау аймақтары жаңартылды.
«Мұндай құрылмаларды барлық жерде бетонға орналастыру қажет. Атырау облыстық мәслихатының экология комиссиясының отырыстарында біз осы мәселені талай рет көтеріп, тазалықты сақтауға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Сайлау алдындағы халыққа берген уәделерді еске ала отырып, осыдан екі жыл бұрын Балықшыда және Балауса (Еркінқала ауылдық округі) тұрғын алабында осындай екі экобокс орнатып, олардың пайдасы көп екеніне көз жеткіздік. Контейнерлерді тазалаумен және қоқыстарды шығарумен „Спецавтобаза“ ЖШС қызметкерлері айналысады. Олардың еңбегін бағалайық!» — деді депутат.