Қаланың инфрақұрылымы

Таза көшелер — таза қала

Атырау қаласының бірнеше ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау аймақтары жаңартылды.
«Қоқыспен күрес — таза көшелер» бағдарламасы аясында «Атамекен Эко» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қолға алынған жоба жергілікті кәсіпкерлер мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның бас демеушісі — TEXOL компаниялар тобы болды.
Қазіргі уақытта Балықшы ықшам ауданы мен Дамба ауылы (Атырау қалалық әкімдігіне бағынатын бір аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы) арасында 5 экобокс орнатылды: Қызыл балық және Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылдарында, Балабақша, Балықшы және Алғабас ықшамаудандарында.
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Арман Хайруллиннің айтуынша, жаңа құрылма бірден үш мәселені шешеді: қалдықтардың шашырап кетуіне жол бермейді, эстетика жағынан жақсы көрінеді және оған қызмет көрсету оңай.
«Мұндай құрылмаларды барлық жерде бетонға орналастыру қажет. Атырау облыстық мәслихатының экология комиссиясының отырыстарында біз осы мәселені талай рет көтеріп, тазалықты сақтауға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Сайлау алдындағы халыққа берген уәделерді еске ала отырып, осыдан екі жыл бұрын Балықшыда және Балауса (Еркінқала ауылдық округі) тұрғын алабында осындай екі экобокс орнатып, олардың пайдасы көп екеніне көз жеткіздік. Контейнерлерді тазалаумен және қоқыстарды шығарумен „Спецавтобаза“ ЖШС қызметкерлері айналысады. Олардың еңбегін бағалайық!» — деді депутат.
Бұрын қандай болды
Бетон іргетасын құю
Құрылымды орнату
Нәтижесі
Қаланың инфрақұрылымы