Әлеуметтік жауапкершілік

Атырау. Шағын ел

Бас миы мен жұлыны зақымданған балалар мен ересектерді оңалтуға арналған әлеуметтік ауылы.
Жоба «Атырау. Маленькая страна» Қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлер мен ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. TEXOL компаниялар тобы да сауықтыру мамандарына қолдау көрсетті. Оқу орталығы мен қонақүй кешені салынып, толығымен жабдықталды.
Оқу орталығы
Оқу орталығы
Оқу орталығы
Оқу орталығы
Қонақ үй кешені
Қонақ үй кешені
Қонақ үй кешені
Қонақ үй кешені
Әлеуметтік ауылдың аумағында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың физикалық белсенділігін арттыру, оларды сауықтыру және әлеуметтендіру үшін жағдай жасалды. Оңалту ЕДТ (еңбек дене тәрбиесі) мен зооемдеуді (науқастарды үй жануарларының (иттер, мысықтар және жылқылар) көмегімен емдеу әдісі) қамтиды. Бұл емделушіге тек пайда ғана емес, қуаныш та әкелетін сирек жағдай. Соның салдарынан емделіп жатқан адамдар келесі процедураны асыға күтеді, ал позитивті ойлау мен эмоциялар сәтті емдеудің қажетті нәрселерінің бірі екені баршаға мәлім. Иппоемдеу үшін башқұрт тұқымды жылқылар қолданылады.
Левада — жылқыларды ерікті ұстайтын орын
Емдеуге қатысатын жануарлардың денсаулығын қамтамасыз етуге еріктілер қатысады. TEXOL компаниясы иппоемдеу жылқыларға шөп пен қоспа жемді сатып алып берді.

Оған қоса, орталықтың ғылыми-зерттеу бағдарламасы да қаржыландырылды. Соның нәтижесінде 13 ғылыми жұмыс жазылып жарияланды.

Мамандардың қызметтері Атырау қаласында және одан тыс жерлерде тұратын тұрғындардың барлығына қолжетімді — Құлсары қаласында (Атырау облысының Жылыой ауданы) жобаның филиалы ашылды. Ол үшін үш контейнер толығымен жабдықталды:
  • дәрігер бөлмесі;
  • күту бөлмесі;
  • санитарлы торап.
Құлсары
Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлының айтуынша, кез келген әлеуметтік бағдарлама қаржыны қажет етеді, сондықтан «Маленькая страна» өзін-өзі қаржыландыру мақсатында барлық келушілерге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қауымдастық ұжымы биошірінді өндірумен айналысады. Әр келуші саумал мен қымыздың дәмін татып көре алады. Прайста халықтың осал топтары үшін жеңілдіктер бар.
Әлеуметтік жауапкершілік