TEXOL компаниялар тобы 10 жасар Атырау теннисшісі Габриэль Брегвадзенің Испанияда өткен TEN-PRO Global Junior Tour үлкен теннис чемпионатына баруына демеушілік көмек көрсетті.

TEN-PRO Junior Tour үлкен теннистен халықаралық турнирі 2024 жылы 17 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Рафаэль Надаль академиясында Майорка (Испания) аралында өтті. Турнирге 49 елден келген 8 бен 15 жас аралығындағы 276 бала қатысты. Қазақстан Республикасының атынан Габриэль Брегвадзе өнер көрсетті.
Финалға барар жолда Габриэль қарсыластарының әрқайсысын сенімді түрде жеңіп, оларға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. «10 жасқа дейінгі ұлдар» категориясында әр елден келген оның 32 құрдасы қатысты. Ол жеңімпаз атағын растап финалда Шотландияның теннисшісі Луи Тейлорды жеңді. Кездесу Габриэльдің пайдасына 6–4, 6–0 есебімен аяқталды.
Габриэль төрт жарым жасынан тенниспен айналысады және оны анасы теннистен спорт шебері Вера Тихомирова-Брегвадзе жаттықтырады. Қазіргі ұлттық рейтингте ол бірінші орында және 10 жасқа дейінгі категорияда Қазақстанның ең үздік теннисшісі болып отыр.