Әлеуметтік жауапкершілік

Қызғылт сары доп (Оранжевый мяч)

Атыраудың жас теннисшілері Оралда өткен теннис турниріне қатысты.
2024 жылы 9–10 қараша аралығында Орал қаласында үлкен теннистен «Қызғылт сары доп» (Оранжевый мяч) республикалық турнирі өтті.

Жарысқа TEXOL компаниялар тобының қолдауымен жеті жас спортшыдан тұратын команда қатысты. Балаларды екі жаттықтырушы алып жүрді.
Команда құрамында төмендегі спортшылар өнер көрсетті:
  • Камила Амантай
  • Айша Ералы
  • Ерсұңқар Ерсайын
  • Сұлтанмұрат Қизатбай
  • Адина Нұрбекқызы
  • Әдемі Такупова
  • Димаш Төреқұлов
Жас теннисшілер екі жүлдеге ие болды:
🏆 Камила Амантай финалға шығып, қыздар арасында 2-ші орынды иеленді.
🏆 Ерсұңқар Ерсайын — ұлдар арасында 2-ші орынды алды.

Командаға болашақта өтетін жарыстарда сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік жауапкершілік