Габриэль Брегвадзе Дубайда өткен теннис турнирінде сәтті өнер көрсетті.
DUBAI BOWL халықаралық үлкен теннис турнирі 2025 жылы 12–19 қаңтар аралығында TEN-PRO Global Junior Tour аясында Дубайда (БАӘ) орналасқан Rackets Academy академиясында өтті. Турнирге әлемнің әр елінен 10 мен 16 жас аралығындағы 122 теннисші қатысты.

Габриэльдің қоржынында қола және күміс кубогтары бар. Өзінің жас тобында «2014 жылы туылған ұл балалар» (11 жаста) финалға шығып, Үндістанның спортшысына ғана ұтылып екінші орынды жеңіп алды. Ал сәл үлкен жас тобында 2013 жылы туылғандар арасында (12 жаста) ресейлік Егор Коноваловты жеңіп үшінші орынды иеленді. Екі категорияда да 32 ұл бала қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Габриэль өткен жылы әлем чемпионатының финалында 1-ші орынды жеңіп алған.
Естеріңізге сала кетейік, Габриэль өткен жылы әлем чемпионатының финалында 1-ші орынды жеңіп алған.