Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев АВЖЗ танысты
2025 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау вагон жасау зауытын көріп қайтты.
TEXOL компаниялар тобының басшысы Шота Абхазава Қазақстан Республикасының Президентіне Атырау вагон жасау зауытының (бұдан әрі – АВЖЗ) өнімдерін көрсетіп, жеке теміржол машина жасау кешенін дамыту жоспарларымен таныстырды.
TEXOL өндіріс кешенінің негізінде өндірісті жергілікті ету, кадр құрамының инженерлік және техникалық құзіретін дамыту, құрамдас өндірісті тереңдету, ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструктор жұмыстары) және өндірістің әрбір қырын қолайландыру, сондай-ақ ауқымды инновациялар ұстанымдары жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың соңында АВЖЗ ашық вагондар мен платформалар өндірісінен тұратын ұсақ сериялы өндірісті бастады. Жеке конструктор дайындау жүк вагондары мен цистерналардың барлық түрлерін, соның ішінде Еуропа Одағы үшін инновациялы шешімдер мен өнімдерді қамтитын өндіріс номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кездесу Мемлекет басшысының Астанадағы №1 индустриалды аймақтағы электрлі тасығыш жасап шығаратын зауытына сапары аясында өтті. Сондай-ақ, Тоқаевқа сол жерде Қазақстан теміржол саласындағы басқа да өндірушілердің өнімдері көрсетілді.
TEXOL теміржол кластеріне мыналар кіреді: • Атырау вагон жасау зауыты (АВЖЗ); • Қазақстан көлік технологияларының инжиниринг орталығы (КазКТИО); • Көлік компаниясы; • «Цифровые решения» (Цифрлы шешімдер) кәсіпорны; • «Ақ-Жайық» вагон жөндеу депосы; • АВЖЗ қажеттіліктері үшін ұсақ құйма өндірісі желісінің құрылысы; • Құлсары қаласында және Атырау қаласының маңында «Махамбет» өнеркәсіп-өндіріс кешенінде (ӨӨК) орналасқан РИП-Газ жөндеу-сынау пунктері; • «Махамбет» ӨӨК орналасқан вагон және доңғалақ шеберханасы; • «Махамбет» ӨӨК орналасқан ағызу/құю эстакадасы мен вагондарды (цистерналарды) жуып-шаю пункті; • «West Terminal» СКГ (сұйытылған көмірсутекті газын) сақтау терминалы; • Цистерналарға қызмет көрсетуге арналған дала жағдайында апаттық әрекет ету мобильді модулі (АӘЕММ).